Мектепте қолданылатын оқу моделі — бұл ҰБТ, IELTS және мамандыққа бағдарлауды біріктіретін кешенді жүйе. Әр оқушыға оқу кестесінен бөлек, жеке даму траекториясы бекітіледі. Бұл тәсіл білім сапасын ғана емес, тұлғалық қасиеттерді де дамытуды көздейді.
Samga High School — болашағын ерте жоспарлайтын, мақсаты айқын оқушылардың мектебі.
Samga High School — әлемдік үздік білім беру жүйелерінің тәжірибесіне сүйенген, академиялық талаптар мен тұлғалық дамуды үйлестіретін заманауи мектеп. Біз оқушыларды тек жоғары балл жинауға емес, өз жолын табуға және саналы шешім қабылдай алатын азамат болып қалыптасуға бағыттаймыз.